Алматыда екі автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды

Алматыда тағы да қоғамдық көліктердің қатысуымен жол апаты болды. Бұл жолы екі автобус соқтығысып қалды. Салдарынан 6 адам жарақаттанды. Оқиға Алатау ауданындағы Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, 75-ші бағыттағы автобус ара қашықтықты сақтамай, аялдамада тоқтап тұрған 102-ші бағыттағы автобусқа соғылған. Тұрғындар бұл маңда көліктердің жоғары жылдамдықпен жүйткіп жүретінінен айтып шағымданды. Сондықтан жылдамдықты шектейтін белгілер орнатуды сұрап отыр.Азиза, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Анау тұр ғой пешеход, сол жерде иногда тоқтамай өтіп кетеді. Мен тоже телефонға түсіріп алуға әрекет қылатынмын. Потому что мына жерде өткенде менің баламды соғып кеткен. Ол кезде мына жер тайғақ болған. Он не успел. Мына жер опасно. Знак, ештеңе жоқ. Былайынан келсе, былайынан келсе де, мына жерде школьниктер тұр. Знак қою керек. Жол- көлік оқиғасының себеп-салдары мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Зардап шеккен бес адам нөмірі 7-ші қалалық клиникалық ауруханасына, ал бір адам Алматы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Рамазан АСКЕРОВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ КӨПБЕЙІНДІ ЖАРАҚАТ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІС:Жол-көлік апатынан зардап шеккендер жан-жақты аспаптық зерттеулерден, дәрігерлердің қарап-тексерулерінен өтті. Төрт адам амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді, бір адам стационарға емдеуге жатқызылды. Пациенттің жағдайы ауыр, тұрақты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан 2025 жылы Қытайдағы ең перспективалық туристік бағыт деп танылды
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Петропавлда үш сағаттан аса уақыт бойы құтқарушылар алапат өртті сөндірді
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды