Алматыда екі айда 6 мыңнан астам самокат жүргізушісіне айыппұл салынды

Алматыда қыркүйек айынан бері жол ережесін бұзған 6 мыңнан астам электрлі самокат жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті.«30 тамыздан бастап Қазақстанда «Жол жүрісі туралы» заңдағы электр самокат міну ережелерін қарастыратын түзетулер күшіне енді. Бастапқы кезеңде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Содан кейін ҚР ӘҚБтК-нің 593, 622-баптарына сәйкес шара қолданыла бастады. Бүгінгі таңда самокат жүргізушілерінің қатысуымен 6 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Олардың барлығына айыппұл салынды», – дейді Салтанат Әзірбек. Заңда көрсетілгендей, ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы «электр самокат» деп танылады. Олардың қозғалысы үшін де тиісті орындар айқындалады. Сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тиісті шектеулер қойылады. Шарттар мен ережелерді сақтай отырып: - электр самокаттардың жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі; - жүргізуші 18 жасқа толған болуы тиіс; - көлік құралын басқаруға құқық беретін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт; - шлем кию міндетті. - қараңғы уақытта қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуі үшін жарық түсіретін белгілер орнатылуы қажет. - тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру шарт;

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бұрынғы ғашығыңыз жолығуы мүмкін: 15 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Қарсыласын жеңген Қуат Хамитов 10 млн теңге сыйақыға ие болды
Астанадағы даңғыл жартылай жабылды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді
#Qazalemi. Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
Құлсарыда спорт мектебінің бухгалтері 55,3 млн теңгені негізсіз жұмсаған