Алматыда екі жас қыздың жігітті аяусыз ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Қалалық полиция департаменті нің мәліметінше, аталған іске қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - делінген хабарламада.