Алматыда екі жұмысшы кәріз құдығында уланып, көз жұмды

Алматыда екі адам кәріз қалдығында уланып, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Жетісу базарының жұмысшылары қалдық су жиналатын шұңқырды тазалауға түсіпті. Бірақ улы газдан екеуі де сонда есінен танып, құдықтан шыға алмай қалған. Сол маңдағы саудагерлер олардың нәжіс толы құдыққа еш жабдықсыз түскенін айтады. Қауіпсіздік шарасының неге сақталмағанына базар басшылығы жауап бере алмады.Базардың екі қызметкері күні кеше кешкі сағат беске таман кәріз құдығын тазалауға кіріседі. Төмен қарай алдымен біреуі түсіп, көп ұзамай улы газдан есінен танып құлаған. Екіншісі көмекке ұмтылғанымен, ол да сонда талып қалған. Екі адамның нәжіс толы шұңқырда жатқанын сол маңдағы саудагерлер көрген.“Өзім бірінші көмек көрсеттім. Екеуінің де жүрегіне массаж жасадым , жедел жәрдем жеткенше. Артынан үзіліп кетті. Бастықтары "тазала" деп, тазалауға келген. Бірақ қауіпсіздікті сақтамаған, бастықтары да сақтамаған. Ол жерге қандай жағдайда да жұмысшының аузына распиратор алып беру керек еді. Тұншығып қалу қаупі бар. Тайып кету қауіпі бар. Қауіпсіздік белдігін алып беру керек еді”, – дейді саудагер Ақбөпе Қызайбекова.Марқұмдардың бірі 55-те, екіншісі 44 жаста. Кішісінің артында жұбайы мен 8 баласы қалды. Тоғызыншысына жүкті екен. Қазір осы қайғылы оқиға бойынша полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.“Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еңбек қорғау тәртібін бұзу дерегі. Түрксіб ауданы ПБ арнайы тергеу тобы құрылды”, – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, көктайғақ, жел: сенбіге арналған ауа райы болжамы
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Рейсті 15 сағат кешіктірген: «Эйр Астана» тағы айыппұл арқалады
Алматыда №12 мамандандырылған гимназия ғасырлық мерейтойын атап өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті