6-7 сәуірде Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында жақын және алыс шетелден келген қысқы экстремалды спортсүйер қауым Winter Jungle спорт-музыка фестиваліне жиналады.Фестиваль қонақтарын екі күндік ауқымды спорт және музыка бағдарламасы күтеді.Big Air, Jibbing, The Battle және Jungle cross форматтары бойынша сноубордшылар мен шаңғышылар арасында жарыс өтеді.Қазақстандық шабандоздардан бөлек жарысқа Ресей, Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербия спортшылары қатысады.Фестивальдің жалпы жүлде қоры — 7 млн теңге.«Біздің басты мақсатымыз — Қазақстандағы экшн-спорт мәдениетін дамытуға үлес қосу! Осы жылғы фестивальден мен керемет көңіл-күйді, жаңа адамдарды және шарадан шабыт алып, одан әрі экстремалды спортпен айналысатын жарқын жастарды күтемін» — дейді фестиваль продюсері Александр Кучура.Фестиваль қонақтарын спорт жарысынан бөлек алуан түрлі музыкалық бағдарлама күтіп тұр.