Алматыда ер адам 8-қабаттан құлап кетті

Алматылық дәрігерлер 8-қабаттан құлап кеткен ер адамды аман алып қалды. Оған бірнеше ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.19 жастағы жігіт аурухананың қабылдау бөліміне аса ауыр халде жеткізілген. Науқас шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның миы шайқалып, жабық бас-ми жарақаты салдарынан бірінші-екінші дәрежелі травматикалық шок алғанын және көптеген сүйектері сынғанын анықтады.Орталық қалалық клиникалық аурухананың Ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекеловтің айтуынша, жан сақтау бөлімі қызметкерлері алдымен науқасты жарақат салдарынан болған шоктан арылтты. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін екі күннен соң дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдады."Екі кезеңмен бірнеше ота жасалды. Бірінші ота "сынған жамбас сүйегін ашық репозициялау, пластинамен және бұрандалармен бекіту" деп аталады. Науқас есін жиып, жағдайы жақсарған соң екінші ота жасалды. Бұл операция барысында сүйек тіндерін сынған жерден бір-біріне жалғап, металл конструкциялардың көмегімен жалғадық", – дейді Қанат Тәуекелов.Мамандар сөзіне сүйенсек, жоғары технологиялардың көмегімен жасалған операция аса күрделі манипуляциялар қатарына жатады. Мұндай оталар МӘМС пакеті шеңберінде ғана жасалады."Біз науқасты емдеу барысында оның өмірін сақтап қалуды басты мақсат етіп қойдық, – дейді Қанат Тәуекелов. – Сонымен қатар мүгедек болып қалмауы үшін барымызды салдық. Нәтижесінде біз науқастың өмірін сақтап қана қоймай, аяққа тұрғыздық".Науқас отадан кейін екінші күні-ақ аяққа тұрды. Орталық қалалық клиникалық ауруханада реабилитациядан өтті. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді