Алматы қаласында ер адам әйелін тапаншамен атып өлтіріп артынан өзіне қол салған. Көршілердің айтуынша, 48 жастағы азамат пен оның жұбайы ажырасу үстінде болған. Олар қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болды дейді. Қылмыс болған үйде ерлі зайыптылардан бөлек ұлы мен келіні тұратын көрінеді. Бірінші болып ата-анасының мәйітін жұмыстан оралған ұлы көрген.Қылмыс ер азаматтың қызғанышынан болды, күйеуі әйелін өлтірді. Мәйіттерді кешкі 19:20 шамасында анықтадық. Ұлы жұмыстан келіп, маған бірден қоңырау шалды. Полиция кешкі 7 жарымнан таңғы 5-ке дейін болды. Жантүршігерлік оқиғаның мән жайын полиция департаменті анықтап жатыр. Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Аталмыш дерек Наурызбай ауданында орын алған. Алдын ала болжам бойынша отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Ә. Пернебек