Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды деген күдікпен ұсталды

Алматылық полицейлер жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Ақпараттық медиа-порталдың хабарлауынша, арнайы іс-шараны Алмалы ауданында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп жүргізген. Үйлестіру жұмысын Алматы қаласының прокуратурасы жүзеге асырған. "1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Әйел перзентханадан шыққан бойда мәміле жасауға кеткен. Олар қызын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар әлі дүниеге келмеген бала үшін "әлеуетті ата-ананы" алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев. Басылымның хабарлауынша, ерлі-зайыпты жұптың екі баласы бар екендігі анықталған. Сондай-ақ олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәсін толықтай мойындағаны белгілі болды.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?