Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қалада сейсмикалық микроаймақтандырудың жаңа картасы бекітілгенін, онда барлық кемшіліктер ескерілгенін айтты.«Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінде қала ҚазҚСҒЗИ бекіткен талаптарға сай өмір сүруде. 2017-2018 жылдары институтта аудит жүргізілді. Биылғы жылдың екінші жартысында біз қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастаймыз. Жаңа бас жоспарға келетін болсақ, 2020-2021 жылдары Алматыда жаңа тектоникалық ойықтар пайда болғанын білесіздер. Жаңа бас жоспарда барлық қажетті сейсмикалық талаптар, соның ішінде жаңа ойықтар ескерілген: Абай көшесінің жоғары жағы 10 балл, одан төмен 9 балдық аймақта орналасқан», - деді әкім.