Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Алматыдағы мектепке барды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы Tengri Sport-қа сілтеме жасап. Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте оқушыларының бірі 42 жастағы қазақстандық боксшымен кездескенде көз жасын тыя алмай, жылап қалған. Геннадий Головкин қызды құшақтап, маңдайынан сүйді. "Мен болашақ чемпиондармен кездесуге әрқашан қуаныштымын. Кеңес Хамитұлы мен Әсел Иманғалиқызына Шоқан Уәлиханов атындағы мектепке шақырғанына және балаларға арналған игі бастамалары үшін рақмет. Осындай жобалар көбейе берсін!", - деп жазды ол Instagram парақшасында.