Алматыда жаңа теміржол құрылысы басталды

Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылып отыр. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты.Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылып отыр. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты. 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 23 млн тоннадан артып, тарихи максимумнан асты. 2023 жылдың басынан бері аталған көрсеткіш тағы 22%-ға өсті. Мұндай жағдайда негізгі халықаралық бағыттардың қиылысында орналасқан Алматы теміржол торабына жүктеме артып отыр. Сонымен қатар жобаны іске асыру Алматы стансасын айналып өтетін Жетіген – Қазыбек бек жаңа теміржолына жүк ағынын қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Жалпы, жаңа желі Алматы торабындағы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартады. Әлихан Смайылов «Алтынкөл-Қорғас» шекаралық өткелі арқылы өтетін теміржол бағыты соңғы жылдары қарқынды өсім көрсеткенін атап өтті. «Аталған транзиттік дәлізде Алматы теміржол торабы Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру жүктерді жеткізу мерзімін 2 есеге қысқартады», — деді Премьер-Министр. Ол сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру барысында қазақстанның үлесі кемінде 85% болатынын айтты. Құрылыс кезінде 1400 адам жұмыспен қамтылып, желі іске қосылғанда шамамен 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. «Шпал, рельстер мен трансформаторлар шығаруды, инертті материалдар, құм және қиыршық тастарды жеткізуді жергілікті компаниялар жүзеге асырады», — деді Әлихан Смайылов. Жалпы құрылыс процесінде 130 км теміржол төселеді, 3 станса, 13 көпір, 5 т/ж және 1 автокөлік өткелі салынады. Ресми іс-шарада құрметті теміржолшы, еңбек ардагері Қалтай Сәмбетов сөз сөйледі. «Жетіген – Қазыбек бек бекеттерінің арасында теміржолшылар көптен күткен жол құрылысы басталды. Бұл жолдың маңызы зор, өйткені ол ел экономикасының дамуына, өсіп-өркендеуіне ықпал етеді. Аталған теміржол бағыты Қазақстан мен Қытай, Орталық Азия мен Ресей арасындағы транзиттік мүмкіндіктерді едәуір арттырады», — деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды