Алматыда нөсер жаңбырдан кейін "Ялян" сауда үйін су басты. Жергілікті саудагерлер әлеуметтік желіде су басқан сату орындарының видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Видео авторы осындай жағдайда басшылықтың әрекет жасамағанына наразылық танытты. "Тасқынға жаңбыр себеп болды. Басшылықтан ешкім жоқ. Олардың бәріне жауынды кінәлайтынын біліп отырмыз. Бірақ ешкім шара қолданып, жалдау ақысын азайтпайды. Күтіп отырмыз. Ертең сұрақтарымызға қалай жауап беретінін көреміз", — деп жазды видеолардың бірінің авторы. Тағы бір бейнежазбадан су сауда орталығының бір қабатынан түгел басқанын көруге болады.