Алматының өрт сөндірушілері жанып жатқан пәтерден 63 жастағы ер адамды құтқарды.Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 желтоқсан күні таңғы сағат 03:56-да өрт сөндірушілер Бостандық ауданы Әуезов көшесі 138-үй мекенжайына барды. Келген кезде 3 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Кезекші ауысымның аға инженері-басшысы азаматтық қорғау лейтенанты Вилик Мерекеев үйдің 3-қабатындағы пәтерде адамның болуына байланысты үш иінді баспалдақты қолдану құралы арқылы газ-түтіннен қорғау қызметіне барлау жүргізуге бұйрық берді. «Іште адамдардың бар-жоғына барлау жүргізу барысында газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жеке құрамы төсекте жатқан 1960 жылы туған пәтер иесін тапты. Өрт сөндірушілер құтқарылған қарт адамды қызметтің дәрігерлер бригадасына апарып, дәрігерлер алғашқы көмек берді», - деп хабарлады ведомстводан. Өрт 04-15-те толық жойылды.