Алматыда жезөкшелікпен айналысатын «элиталық эскортшылар» желісінің ұйымдастырушысы ұсталды

Алматыда жезөкшелер желісінің ұйымдастырушысы ұсталды. Модельдік келбеті бар қыздар қалталы ер адамдар үшін интимдік қызмет көрсететін кештер өткізген. Бұл әрекеттері жабық әлеуметтік желі арқылы жүзеге асқан. Желі әкімшісі 25 жастағы алматылық блогер болып шықты. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Сылқымдарға «демеуші» тауып, ертегідегідей өмір сыйлаймын деп уәде беріпті. Жабық топқа кіру құны - 300 АҚШ доллар. "Кездесудің" құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40%-ін өзіне алып отырған. Оның 2022 жылғы қаражат айналымы 209 млн теңгеден асқаны анықталды. Тінту барысында күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалары бар күнделік, жылжымайтын мүлік құжаттары, қымбат автокөліктер мен синтетикалық есірткі тәркіленді.Шұғыла ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ: Прокуратураның келісімі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабымен «Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық», сондай-ақ 297-ші «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды. Ол мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мұхит Амантаев пен Әнуарбек "Мотиватордың" ерегесі жекпе-жекке ұласа ма? (ВИДЕО)
Орман өрті: Лос-Анджелесте 10 мыңнан астам үй күлге айналды
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегі кіммен және қашан өтеді
Қызылорда облысында 16 ауыл интернетсіз отыр
Алматыда тағы да жер сілкінді
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды