Алматының Медеу ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасының шеңберінде салынып жатыр. Наурыз айында партия Төрағасы Ерлан Қошанов штаб мүшелерімен бірге Алматы қаласының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстар мен тілектерді тыңдаған болатын. Сол кезде спорт кешені керектігін тұрғындар көтерді. Көп ұзамай талап, тілектері орындалуда. Жалпы жыл соңына дейін қалада 3 жаңа спорт кешені ашылады. 2027 жылға дейін 15 нысан салынбақ. "Алатау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде үйірмелер тегін болады, қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Серік ЕСМАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Бүгін нысанға келіп бәрін өз көзіммен көріп, қадағалап шықтым. Жақсы деген баға бере аламын. Кейбір ұсақ-түйек жұмыс қалды. Жастарға, әсіресе балаларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік болады. 10 спорт үйірмесі болады. Барлығы тегін. Бастысы, халықаралық стандарттарға сай.