Алматыда жыл соңына дейін бес жаңа балабақша және студенттерге арналған екі жатақхана ашылады. Бұл туралы "AMANAT" партиясының депутаттық фракциясының отырысында айтылды. Жиын партияның Алматы қалалық филиалында өтті. Нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. Жыл соңына пайдалануға берілмек. Оған қоса, үш мектептің жанына салынып жатқан қосымша ғимараттардың құрылысы да осы жылы аяқталады. Орын жетіспеушілік мәселесі басты назарда болады. 2027 жылға дейін қалада 34 мектеп салынады.Станислав КАНКУРОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазір Алматы қаласында оқушылар орындарында тапшылық бар. Сондықтан біз мұны қолға алып жатырмыз. Сондай-ақ, су мәселесі көпшілікті алаңдатуда, Алматы қаласында 4 су қабылдау станциясы салынады. Әсіресе қосылған аумақтарда су жетіспейтінін білеміз. Бұл біздің сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға берген уәделеріміз.