Алматыда түн ортасында болған зілзала халықтың зәресін ұшырды. Үрейленген жұрт киінуге де мұршасы келмей көшеге жүгіріп шықты. Кейбірі тіпті терезеден секірген. Дүрбелең кезінде 67 адам зардап шеккен. Оның екеуі-бала. Мегаполистегі жағдайды Әйкерім Пернебек айтады. Жердің дүмпуін қала тұрғындары түнгі 12-ден кейін сезді. Көпқабатты зәулім үйлердің тұрғандарының зәресі ұшып, көшеге сырт киімсіз жүгірді. Кейбірі кірпік ілмей таңды далада қарсы алса,енді бірі қала сыртындағы туыстарының үйін паналады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Люстралар, тағы қосымша заттар қимылдай бастады және де үйдің қабырғаларымен бірге теңселе бастағандықтан біз уже түсіндік жинала бастау керектігін. - Мен ойладым очкиден басым айналып жатыр деп, бірақ диван қозғалғанда жоқ, мынау басқаша бір нәрсе деп жиналдық асығып. Лестница бірақ жабық болды. Жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында тіркелді. Тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км. Қалада сезілген магнитуда- 5 балл. Зият МЫРЗАХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл трещина болған жоқ болатын осы түндегі жер сілкінісінен кейін пайда болды мына трещина. Енді Қорқынышты болды не істейміз енді бір Аллаға сендік, 00:48 бала шағаны киіндіріп далаға шықтық. Коридорға шықсам, мына жерде паника, елдер бір-бірін таптап астыға қашып жатыр. Жарты сағат тұрдым шыға алмай, пробка болып кетті. Жаяу жүргендер жаяу жүгіріп жатыр, елдің бәрі қашты. Сейсмологтардың сөзінше Алматыда жылына 200 дүмпу тіркеледі, оның 20-ға жуығы ғана сезілуі мүмкін. Сейсмикалық тұрғыда қауіпті қала болғандықтан тұрғындар әрдайым оған дайын болу керек дейді мамандар. Алайда алдағы уақытта жойқын жер сілкіністері болмайды- деп мәлімдеді сала мамандары. Жансая ДОСЫМБЕКОВА, СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ ОБСЕРВАТОРИЯ БАСШЫСЫ: Бас дүмпуден кейін 3 сезілмелі жер сілкінісі болды. Жаңа брифинг өткізіп жатқанда көбіңіз сезбедіңіздер ғой деймін ол жерде де сезілмелі жер сілкінісі болды, яғни афтершоктар әлі де болып жатыр. Ол қашанға дейін созылады, бір ай болады, ма екі ай болады ма ол белгісіз. Бірақ афтершоктар ірі жер сілкінісі болады беп қорқып, үрей жасаудың қажеті жоқ. Себебі афтершоктар бас дүмпуден күші әлсіз болып келеді. Қуатты жер асты дүмпулерден кейін 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 55-сі ересек, 12-ы бала. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды, қалған науқастар қажетті тексерістен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Науқастардың бірінің жағдайы- ауыр. Ермек ЖЕЛДІБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық қаралған науқастардың жалпы жарақаты жеңіл түрде, ауыр, орташа ауырлықта әртүрлі дене жарақаттарымен келіп қаралды. Олардың ішінде 10 науқас медициналық науқас көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жөнелтілді, 3 науқас ауруханаға жатқызылды. 1 науқастың жағдайы қазіргі таңда өте ауыр, жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Қалада барлығы 843 электр сиренасы бар. Алайда тұрғындар апаттың келгенін ескерту дабылынан емес, ыдыс-аяқтың сылдырынан байқап қамданған. Сондай-ақ, халыққа зілзала жөнінде SMS-хат 2 сағаттан кейін жеткен. Нұрлан АТЫҒАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Тәжірибе көрсендей, біз жіберетін шұғыл хабарламалар тұрғындарға өте кеш түседі. Неге десеңіздер, қалада адам өте көп, ұялы желі операторлары ақпаратты өңдеп үлгере алмай, тұрғындардарға ол хаттар өте кешігіп барады. +Сиренаға келетін болсақ біздің станциялар 5.5-баллдан асқан дүмпулерден бастап дабыл қағады. Өйткені 6-баллда ғимараттар мен тұрғындарға күрделі қауіп төнуі мүмкін. Алматылықтар бүгін күндіз де бірнеше жер асты дүмпуін сезді. Олар 2 балл шамасында болған. Сейсмологтардың мәліметінше жойқын зілзала алдағы уақытта мегаполисте тіркелмейді.