Алматыда қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталып, қамауға алынды

Қаржы мониторнгі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Sincere System Group» (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.Агенттік қызметкерлері белсенді азаматтардың араласуымен компанияның қызметін ерте кезеңде тоқтатты, ал бұл алданған инвесторлардың санын азайтуға мүмкіндік берді. «S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кірістілікке уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы $100 құрайды. Сондай-ақ салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған. Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған», - делінген ҚМА хабарламасында. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды. «Егер сіз және сіздің туыстарыңыз «S-Group» компаниясының қызметінен зардап шексе, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласыңыз», - делінген ведомство хабарламасында. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
Түрік мергені сұхбат үшін 30 мың еуро сұрайды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
18 градусқа дейінгі аяз және тұман – 13 қаңтар Қазақстандағы ауа райы
Еліміздегі валюта бағамы өзгерді
«Пайғамбардың бәрі қазақ екен»: Әлімғазы Дәулетхан жалған тарих жасаушыларды «қылмыскер» деп атады (ВИДЕО)
Шымкенттегі хайуанаттар бағында жолбарыс үш аяқтап қозғалып, ақырған дауысымен жұртты шошытты
Лос-Анджелесте өрттен қайтыс болғандар саны 24 адамға жетті
Арал теңізінде су көлемі ұлғайды
«Маңғыстаумұнайгазға» 32 млрд теңгеден аса айыппұл салынды
Америкадағы алапат өрттен қаза тапқандар саны 24-ке жетті
Арал теңізінде су көлемі ұлғайды
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 млрд теңге айыппұл салынды
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды