Алматыда кәріз құдығының қақпағы ұшып, көліктің үстіне түсті

Алматыда кәріз құдығының қақпағы ауаға ұшып, тоқтап тұрған көліктің үстіне түскен. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Зақымдаған көліктің иесі редакцияның WhatsApp-нөміріне хабарласты. 31 жастағы Анастасия Конрадидің айтуынша, оқиға 10 мамырда түс ауа Сайын көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысында орналасқан Royal Petrol жанармай құю бекеті маңында болған. "Қысым әсерінен кәріз құбырының қақпағы ауаға ұшып, көлігіме зақым келтірді, өтіп бара жатқан адамдардың айтуы бойынша, бұл жағдай жолдың қарсы бетінде, Сайын көшесі мен Рысқұлов қиылысында болған. Көлігім зақымданды. Шамасы, кәріз құбырларында газ жарылған сияқты, енді кім қалпына келтіреді? Мен білмеймін!" - деді ол.Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қала әкімдігінің баспасөз қызметіне жүгінді. Кейін департамент "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны атынан жауап берді. Олар бұзылған көлікті қалпына келтіретіндерін айтты. "10 мамырда кәріз желілеріне орнатылған жабық кәріз құдығынан ұшып кеткен қақпағының кесірінен Сайын даңғылында тұрған көлік зақымданды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы ішкі комиссия құрылды. Зақымдалған көлікті заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы су" МКК қалпына келтіреді", - деді компания өкілдері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
«Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
«Менің қуанышым»: Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Алматыда танысу сайттары арқылы тақырға отырғызатын күдіктілер ұсталды
Әнші Дастан Оразбеков әйелімен бірге кезекті рет клип түсірді (ВИДЕО)
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды
943,6 мың гектар - Қазақстан Ресейге жалға берген Капустин Яр полигонының жерін қайтара алмай отыр
Тағы да нокаут: Назым Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті
«ЛГБТ жасөспірімдерге оң әсер етуде»: Қоғам белсендісі министрліктің есебіне наразылық білдірді
Астанада оқушы қыздың қазасынан кейін жүк көліктеріне бақылау күшейді