Алматыда "Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін коммуналдық қызметтер 10 маусымнан бастап кейбір үйлерде ыстық суды өшіре бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."Алматыжылужайэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ыстық сумен жабдықтау қызметіне жергілікті уақытша шектеулер енгізіліп жатыр, - делінген хабарламада.