Алматыда қоғамдық көліктерде күн сайын жолаушылардың 5-10%-ы жол ақысын төлемей жүреді

Алматыда қоғамдық көліктерде күн сайын жолаушылардың 5-10%-ы билетсіз жүреді. Жол ақысын төлеуден жалтарған жолаушылар түрлі құйтырқы әрекеттерге барады. Бұл өз кезегінде басқа да жолаушыларға кері әсерін тигізеді дейді тасымалдаушы компаниялар. Бүгінде билетсіз жол жүргені үшін салынатын айыппұл мөлшері қандай? Бақылаушы мамандар жолаушыларды қай кезде көліктен түсіріп кетуге құқылы? Әріптесіміз анықтап келді.Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Бүгінде қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің бірнеше түрі бар. Карта арқылы, СМС-хабарлама немесе жүргізушіге қолма-қол ақша беруге болады. Алайда кей жолаушыларға бұл нұсқалардың біреуі де ұнамайды. Олар жол ақысын төлемей, сытылып кетудің амалын іздейді. АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: Бізбен сөйлесіп тұрады 5-6 остановка. Контроллерлер кіреді, сол кезде ғана алып, басады карточканы. Тексеріс болмаса, төлемейді. Десе де, бес саусақ бірдей емес. Қоғамдық көлікте тегін жүруге болмайтынын жақсы түсінетін жолаушылар бар. Мәселен, жедел желі телефонына төлем жасамаған жолаушылардың суреттері жиі түседі. Төлемегендерді жолаушылардың өздері сөгіп, бетіне айтып жататын жағдайлар да бар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Әрине, төлеу керек, мінгең сон. Мен анда-санда мінгенде төлеймін. - Жолақыны жемеу керек ешқашан. Жолақыны жегеннен кейін адамның жолы да болмайды өзінің. - Кейде картаңды толтыруға ұмытып кетесің, бірақ ондайда жүргізушіге қолма-қол ақша беруге болады. Тіпті 1-2 аялдама жүрсең де, төлемеске болмайды ғой. Әр адам ұятына, санасына қарай әрекет етеді.  «Алматыэлектротранс» ЖШС Алматыдағы ең ірі тасымалдаушы болып табылады. Бүгінде компанияның қалалық бағыттарда төлем жасамау жағдайы шамамен 20%-ды құрайды. Бұл біздің көбірек жаңа автобустар, қосалқы бөлшектерді сатып алуымызға кері әсерін тигізеді дейді компания өкілдері. Жыл басынан бері аталған тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеуден бас тартқан 113 жолаушыға хаттама толтырған. Абылайхан ОМАРХАН, «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Өзіміздің бақылаушылар санына келетін болсақ, бізде күнделікті 50- ден аса қызметкерлеріміз жұмысқа шығады. Барлық маршруттарды қамтуға бүгінгі күні біздің шамамыз келіп тұр. Дегенмен, тексеру аралығы сиреген уақытта төлемейтін жолаушылардың саны артып кетеді. Әрине, бақылаушылар санын көбейту мақсатқа қойылған. Қазіргі уақытта билетсіз жол жүргені үшін салынатын айыппұл мөлшері - 2 АЕК. Сонымен қатар, билет тексеруші маман жолаушы тарапынан тасымалдау ережелерін бұзу фактілері орын алса, оны түсіріп кетуге құқылы. Мысалы, жолаушы итті тұмылдырықсыз және қарғы баусыз тасымалдаса немесе көлікке мас күйінде мінсе.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Насыр – үздік баяншы
Ақтаудағы қайғылы жайт: тірі қалғандар ұшақ құлар алдында бортта не болғанын айтты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның жылдық жұмысын қорытындылады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін