Ертең 18 ақпан, сенбі күні Алматыда тұман түсіп, қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Құтқарушылар жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтауға шақырды. «Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпағаны абзал», делінген хабарламады.