Алматының қақ ортасында қолдарына арматура ұстаған бір топ жігіт жаға жыртысып қалды. Ашуға булыққан жастар арасындағы төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Байтұрсынов-Қабанбай батыр қиылысында болған. Бейнежазбада азаматтардың сөз таластырып, алдымен мәселені жұдырықпен шешуге тырысқанын көруге болады. Кенеттен төбелеске қатысушылардың бірі қарсыластарына арматура лақтыра бастайды. Куәгерлер оларды ажыратуға тырысқанымен, еш нәтиже шықпаған көрінеді. Жағдайдың мән-жайын полиция анықтап жатыр. Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Алмалы аудандық полиция Басқармасы «Бұзақылық» дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа мән-жайлар анықталуда.