Еліміздегі теңіз флотының әскери күштері жайлы түсірілген алғашқы телехикая "Астана" телеарнасының көрермендеріне 2-ші қазанда жол тартады. Достық, бәсекелестік, шытырман, драмаға толы “По синии волнам” сериалының жабық көрсетілімі бүгін Алматы қаласында болды. Туындының Бас продюссері Гүлназ Алтынбек сериалда түрлі жанрлар үйлесімін тауып тоғысты дейді. Телехикаяда көрерменнің көзайымына айналған өнер майталмандары мен жас ктерлар түскен. Ал музыкалық сүйемелдеуге Түрік еліндегі әріптестер атсалысты. "Сериалды көретін өскелең ұрпақ теңізшілердің жұмысын көріп, осы қызметке қызығушылық танытса біздің мақсаттың орындалғаны" - дейді туынды авторлары. Гүлназ АЛТЫНБЕК, БАС ПРОДЮСЕР: Бұл туындыдағы 80% түсірілім теңізде өтті қиындығы сода. Сосын басты ерекшелігі бұл телехикаяның музыкасын Түрік еліндегі әріптестер жазды алғалқы каллобарация. Сондай бір эксперимиенталды жоба болды. Сапасы жоғары деп ойлаймын. Біздің негізгі ең басты месседж- шекара қорғаушыларымыздың күделікті өмірдегі кездестіретін ең қиын да қызықты сәттерін жеткізу болды.