Алматыда "Күлпет" атты жаңа романның тұсау кесер рәсімі өтті

ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Mecenat.kz әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың "Күлпет" романының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.⠀ Сүйінші ақпарды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы таратты. "Күлпет" романы Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Роман туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтар арқылы бүкіләлемдік сұрақтарға жауап іздейді.⠀ Іс-шараны "Азияның Шығармашылық Богемиясы" бірлестігінің жетекшілері Гүлнара Жандыбаев және Алма Нутушова құттықтау сөзбен ашты.⠀ Шарада мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Смағұл Елубай, Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Досхан Жолжақсынов "Күлпет" романы жайлы өз пікірлерімен бөлісіп, кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.⠀ Шығармашылық кездесуде "Күлпет" романының авторы Шархан Қазығұл, Mecenat.kz әдеби байқауының құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков, "Kitapfest" кітап фестивалін ұйымдастырушы Бекнұр Қисықов, сөз сөйлеп, алдағы жоспарлармен бөлісіп, осы жобаларды ұйымдастыруда қолдау көрсеткен әдебиет жанашырларына алғыстарын жеткізді.⠀ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері Шархан Қазығұлды арнайы құттықтай келіп, әсем әнмен шашу шашты.⠀ Шара соңында ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хат табыстады.⠀

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында монша өртенді
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады: 23 қараша 2024, 14:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды
«Үйленетін қыз іздеп жүрмін»: Нұрбек Оралбай қашан шаңырақ көтеретінін айтты
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті