Алматы қаласында, жол бойында қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды.«24 тамыз күні Наурызбай аудандық полиция басқармасына 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды. Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды», - деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.