Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.Оның айтуынша, мегаполисте қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде 108 853 адам екпе алған. Өткен жылдың наурыз айынан бастап қызылшаның 4286 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3231 жағдай (75,4%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 167 (3,9%) және ересектер арасында – 888 (20,7%). Айта кетейік, 3231 баланың 3093-і қызылшаға қарсы егілмеген. Бұл дегеніміз 95,8%-ды құрайды. 2023 жылдың 10 қарашасы мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында қалада қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 108 853 адам қамтылды, - дейді Қасымхан Алпысбайұлы.