Алматыда ер адам лифтінің алдында бұрынғы әйелін ұрып-соққан. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Ер адам бұрынғы әйелін ұрып жатқанда тағы екі адам болған. Олардың біреуі бастапқыда ер адамды ажыратуға тырысқанымен, кейін жағдайды сырттай бақылауға көшкен.Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады."Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.Еске салайық, бұған дейін НеМолчи қоғамдық қорының мәлімдесін жазып, желіде таратқан видеодан ер адамның әйелді соңынан қуып келіп, ұрып-соғып, тепкілегені туралы хабарладық. Сол сәтте лифт күтіп тұрған екі жігіт жағдайды жай ғана бақылап, әйелге көмек қолын созбады. Қор жетекшісі Дина Таңсәрі әйелді ұрып жатқанда араша түспеген екі жігіттің әрекетіне таңданысын білдірді.