Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолымен өтудің режимі белгіленді

Құлаған тастардың зардабын жою бойынша жүргізілген жұмыстарға қатысты "Медеу-Шымбұлақ" автожолымен өтудің режимі белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.2023 жылғы 1 қарашада аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен такси жүргізушілері кіре алады, сондай-ақ жаяу жүргіншілер үшін келесі сағаттарда кіру қолжетімді болады: 09:00-ге дейін, 12:00-ден 14:30-ға дейін және 18:00-ден кейін. Аспалы жол іске қосылғаннан кейін (1 қарашадан бастап) электр көліктері мен такси жүргізушілеріне сағат 09.00-ге дейін және сағат 18.00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі кезеңде техникалық қызметтердің арнайы көлігі үшін тек кіруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Оның өзгергені туралы қосымша хабарланады. Еске салайық, 25 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталған еді. Қазіргі уақытта автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеулі. Жоба аясында құлаған тастарды төмен түсіру және барьерлерді (кедергілерді) тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың негізгі түрлері (беткейлерді бұрғылау және нығайту) келесі жылға жоспарланған. Бұдан басқа, 2024 жылғы көктемде нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жас еңбекшілер» жобасы басталды
Екібастұздағы балабақшада баланы аяусыз ұрып-соққан тәрбиеші видеоға түсіп қалды
Семей әуежайы амбулаториялық лифт берілді
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылы “жеткілікті шек“ өсе ме?
Екібастұздағы балабақшада баланы аяусыз ұрып-соққан тәрбиеші видеоға түсіп қалды
Қазақстандық футболшы еуропалық командаға ауысты
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктен алынған деректер Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді
11 баланың анасы. Мәжілістен кеткен депутат Гаухар Танашева жайлы не белгілі?
«Көктайғақ, бұрқасын»: Астана мен еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстандық таеквондошылар Сауд Арабиясындағы турнирде топ жарды
Қазақстанда көп ауыстырылатын ағза түрі мәлім болды
24 адам үсіп өлген. Қысқы ауа райынан қанша қазақстандық зардап шекті?
16 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Ақтөбе тұрғының гаражынан бір мөшек есірткі табылды
Қазақстанда неге көліктің астын жылына кемі 1 рет жуу керек?
Интернет нарығы, қанша екен салығы?
Бейсенбі күні Қазақстанда күн райы қандай болады
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
«Жошы хан» елде түсіріледі
“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда