Алматыда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды

Алматы қаласының Алатау ауданында 7-сынып оқушысы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, оны 17 жастағы жасөспірім пышақтаған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Толығырақ әріптесім Әйгерім Пернебек айтады.Оқиға куәгерінің айтуынша, балалар сөзге келіп қалған. Олар көпқабатты үй ауласындағы мектептің алдына жиналыпты. Кенеттен 17-лер шамасындағы жасөспірім оқушыны пышақпен ұрды дейді. Диана, КУӘГЕР: Өзіме әлі келе алар емеспін, бәрі менің тереземнің алдында болды.13, 17 жастағы балалар жәй төбелестің орнына пышақ ұстап келген. Пышақ тыққанда бір тамшы қан да көрінбеді, сол себепті ешкім байқамады. Жедел жәрдем келіп күртесін ашқанда ғана көрді. Ол кезде көмек беруге тым кеш болып кетті. Бала 40 минут жерде жатты. Жедел жәрдемге 3 рет хабарластық. Мектеп әкімшілігі көз жұмған оқушының ашық- жарқын болғанын айтады. Сабақты да жақсы оқыған. Бұған дейін ұрыс, төбелестерге қатысқанын байқамадық дейді. Жарқын АСХАТҚЫЗЫ, №114 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Ол оқушы барлық мектептің тәрбие жұмысы бойынша жұмыстарға белсенді қатысады. Және де оның оғаш қылықтарын біз ешқашан байқамағанбыз, себебі ол өзінің құрдастарымен де, басқа сыныптың оқушыларымен де өте жақсы қарым-қатынаста болған және де мұғалімдермен де қарым-қатынасы жақсы болған. Қалалық полиция департаменті оқиға Алатау аудандық полиция басқармасының бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Қылмыстық Кодекстің 99-бабының нормалары бойынша тіркеліп, қазіргі таңда адам өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. Күдікті ізін суытпай жатып ашылды. Қазір марқұм болған жеткіншектің жақындары мен сыныптастарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ә. Пернебек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда тағы да атыс болды: полиция түсініктеме берді
Әнші Ayree сүйіктісімен некесін қидырды
Автожолдардағы ауа райы қандай екені белгілі болды
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Маңғыстауда полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын тоқтатты
«Күйеуі қайда қарап отыр»: Психолог әйелдерге іш киімсіз жүруге кеңес берді (ВИДЕО)
Семейде мұғалім шырша құру кезінде биіктен құлаған: білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды
Семейде шырша безендіремін деп жарақат алған мұғалімнің кім екені білгілі болды
“Тек билет бағасы өсе береді“. Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?
Бүгін бокстан ел біріншілігінің жартылай финал жекпе-жектері өтеді
Астанада көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер мемлекетке қайтарылды
Алматы облысының тауларында алдағы үш күнде қар көшкіні болуы мүмкін
Әнші Ayree сүйіктісімен некесін қидырды
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды