Алматыда мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Алматыда да «Батыр» Президенттік полкінің әскерилері салтанатты түрде ту көтерді. Әнұранды жұрт жаппай шырқап, елдігіміздің нышандары дәріптелді. Патриоттық іс-шара "Медеу" биік таулы спорт кешенінде өтті. Биіктігі 40 метр болатын бағанға ені 7, ұзындығы 14 метрлік көкбайрақ көтерілді. Салтанатты іс-шараға мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерімен қатар Қазақстан халқы ассамблеясы мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Бейбіт ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:Енді әр, кез келген елді тудан таниды ғой. Сондықтан біз үшін бұл іс - шара, бұл мереке өте үлкен, өте маңызды деп ойлаймын. Мемлекетіміздің мерейін асыратын мереке күні іс - шараға барлығы 1000-нан аса адам қатысты. Оның ішінде әлемде ел намысын қорғап жүрген спортшы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де бар. Дмитрий БАЛАНДИН, ЖҮЗУДЕН ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:Барша қазақстандықтарды Рәміздер күнімен құттықтаймын. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз өте ерекше, әрі әдемі. Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары. Бағдарлама соңы мерекелік концертке ұласты. Жастар рәміздер күнімен бір-бірін құттықтап, керемет көңіл күймен тарқасты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жәнібек Әлімханұлы WBC басшысымен кездесіп, жекпе-жек бойынша келісімге келді
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Ұшақта кішкентай қызға тиіскен ер адам жазаланды
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді