Алматы жұртшылығы да Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтуде. Наурызнама онкүндігі аясында мегаполисте 500-ге жуық іс-шара жоспарланған. Ертең «Астана», «Абай» алаңдарында мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Бұдан бөлек Алматы көшелерімен 1000-ға жуық адамның қатысуымен «Көш. Наурыз –думан» атты театрландырылған керуен жүріп өтеді екен. Алматыдағы тілшіміз қазір тікелей байланысқа шығады. Мөлдір, мерекеге дайындық қалай? Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Қазір біз Алматыдағы «Астана» алаңындамыз. Таңнан бері мұнда қызу дайындық жүріп жатыр. Ертең дәл осы жерде «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік концерт өтеді. Сағат таңғы 11-ден кешкі 10-ға дейін театр әртістері, эстрада жұлдыздары және аспаптық ансамбльдер өнер көрсетеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын бұдан басқа да біраз қызық күтіп тұрған сияқты. Білуімше, түрлі жәрмеңке, көрмелер де ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек Алматы көшелерімен 1000-ға жуық адамның қатысуымен театрландырылған керуен жүріп өтеді. Халық та Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды асыға күтуде. Менің жанымда қала тұрғыны Ғазиза Аманғалиева. Ғазиза, мерекелік көңіл-күй қалай? Ғазиза АМАНҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сондай-ақ ертең Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз - думан» атты театрландырылған керуен жүріп өтеді екен. Осы жайында айтып өтсеңіз? Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Тамаша! Рақмет сізге! Шынымен де мереке қазірден-ақ сезіліп жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, алаңды безендіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Мына сұлулық көздің жауын алады. Шаһарымыз түрленіп шыға келді. Халық та Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды асыға күтуде. Әр тұрғынның ертеңгі күнді қызықты да мағыналы атап өтуге мүмкіндігі бар.