Алматыда NEET санатындағы жастарға арналған комьюнити орталықтары ашылды

Алматыда NEET санатындағы жастарға арналған 8 комьюнити орталық ашылды. Мұнда жастарды қолдау үшін қажет нәрсенің бәрі бір жерде жинақталған. 14-35 жас аралығындағы тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алып, психологиялық және заңгерлік көмекке жүгіне алады. Бұдан бөлек өз уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыссыз жастарға арналған қысқамерзімді оқыту курстары аясында жаңа мамандықты үйренуге мүмкіндігі бар. Медина АСХАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бір айлық курс өте қызықты өтті. Өзіме көп нәрсені алдым. Және өзімнің артымнан достарымды шақырып, қазір осы жерде достарым білім алады және оқиды. Осы курстардың жастарға деген пайдасы - кейбір жастар мамандықтары ұнамаса, олар осындай курс арқылы басқа мамандықтарды оқып, ұнайтын мамандығымен жұмыс жасай алады. Аталған орталықтардың басты мақсаты – жастардың жан-жақты дамып, қоғамда өз орнын табуға қолдау көрсету. Алматыда 680 мыңнан астам жас тұрса, соның шамамен 7,3% - ы NEET санатына жатады. Яғни, жұмыс істемейді, не оқымайды. Қаланың 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы аясында алдағы уақытта тағы 8 комьюнити орталық ашылмақ. Бағдат АНАРБАЕВА, АЛМАЛЫ АУДАНЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бізде онлайн платформамыз бар «Jas Almaty» деген. Сол платформаға кіріп, сол жерде де толыққанды ақпаратты алып, сол жақта да курстарға тіркелсе болады. Жалпы комьюнити орталықтардың көлемі әртүрлі. Кем дегенде 300 шаршы метр. Яғни бір комьюнити орталықта кем дегенде 100-150 адам бір сәтте түрлі көмектерді ала алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Соғым FEST: Астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды