Алматыда оқушы сыныптасының қолын екі жерінен сындырып тастаған

Алматыда 10 жастағы бала сыныптасының қолын екі жерінен сындырып тастаған. Бұл туралы қоғам белсендісі, "НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz."НеМолчи" қорына жәбірленуші баланың анасы жүгінген. Оның сөзінше, екі оқушы сабақ кезінде жанжалдасып қалған. "Алматы секілді үлкен қалада мұндай жағдай болады деп ойламаппын. Оқиға 17 сәуірде болған. Бұған дейін ұлымды аңдып жүргендері туралы, оған мектепте де, мектептен тыс та буллинг көрсетіліп жүргені туралы хабарлар түскен. Екі баланың біреуі баламның пеналын алып кететінін, екіншісі баламмен сөйлесетінін айтып келісіп алған. Ол кезде сынып жетекшісі сыныпта отырған. Баламнан ірірек оқушы ұлыма қарай құлаған. Артынан қасақана ұлымның сол қолын аяғымен басқан. Осылайша, ұлымның қолы екі жағынан сынған", - дейді жәбірленуші оқушының анасы. Оның сөзінше, мектепте ұлы бір жылдай қорлық көріп жүрген. Мысалы, сол балалар ұлының самокатын тартып алған екен.  Бұл жайтқа қатысты қалалық Білім басқармасы өкілдері пікір білдіріп, №198 мектеп оқушысының денсаулығына зиян келтіруге қатысты, балалардың құқықтарын қорғау және мектептегі мән-жаймен оқушылар арасындағы буллингті анықтау мақсатында комиссия құрылғанын айтты."Комиссия өз жұмысын 2023 жылғы 17 мамырда аяқтайды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі және оқиғаға қатысушылармен аталған оқиғалардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді. Тәрбие жұмысын әлсіреткені үшін директорға, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшіге қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Бұл мәселе толығымен бақылауда", - делінген хабарламада. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Туристер көп баратын елде қатты жер сілкінісі болды
Бокстан айымыз оңынан туды
Отандық балуандар Албаниядағы турнирде 8 медаль жеңіп алды
Бозкілемде атой салған балуандар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Жасанды интеллект жаппай құбылысқа айналмайды
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады
Көлеңкелі бизнес көсегені көгертпейді
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
4 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жайылым жерлерді кеңейту
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Кинода да кино бар, кейіпкері тым бөлек
Инвестицияның игілігі мен иірімі
«Байға тиемін»: Құлдықта болған Құндыз күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Қазақстандықтар 8 наурызда қосымша демалыс күнін алады
Бокстан айымыз оңынан туды
Мұғалім болу – бір басқа, «ұстаз» болуға тест керек
Керек ағашты кесе берме
Азық-түлік бағасы реттелмек
Ақмола әкімдігі жер қойнауын пайдалану бақылауын күшейтті
Қазақ тілі – ұлттық бірегейлігіміздің нышаны
Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды
Қос азаматтығы бар адамдар анықталды