Алматыда оқушыларды тасымалдайтын автобус жетпейді

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде аудан тұрғыны қалалық Білім басқармасынан №182 және №209 мектептерге қатынайтын автобус бөлуді сұрағанын айтты.«Білім басқармасының басшысы Ләззат Әуесханқызы бұл мектептерге автобустар жүре алмайтынын айтты. Ерболат Асқарбекұлы, сізге үлкен өтініш, осы мәселені шешіп берсеңіз. Бұл мектептерде бала көп, мектепке қатынау да қиын», - деген өтінішін жеткізді аудан тұрғыны. Бұл мәселе бойынша қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева жауап берді. «Ерболат Асқарбекұлы, 1200 орындық №182-ші мектепте үш мың бала оқиды, 1500 орындық №209 мектепте 3800 бала оқиды. Сол себепті егер осы ауданнан басқа мектептерге автобустарды жіберу мәселесі болса оны қарастырамыз, ал басқа жақтан бұл екі мектепке автобустарды жүргізе алмаймыз. Себебі бұл мектептерде шамадан тыс бала оқиды», - деп жауап берді Ләззат Жылқыбаева. Алматы әкімі Ерболат Досаев биыл Алатау ауданына қосымша 30 мектеп автобусы бөлінетінін жеткізді. «Білім басқармасы сіз айтқан мәселеңізді мұқият тексеріп, қарап шығады. Автобустар бар, бірақ біз оларды керек жеріне жіберейік. Олар бойынша аудан әкімі де тексеріс жүргізіп, тиісті шешім шығарады», - деді Ерболат Досаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді