Алматыда Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған ерекше операция жасалды. Ерекшелігі сонда - адам буындарын ауыстыруға робот көмектесті.Бүгін еліміздің ортподелық медицинасы үшін айтулы күн болып есте қалмақ. «Мако» инновациялық технологиясы операцияның дәлдігі мен жоғары дәрежеде өту ықтималдығын арттырады. Сондай ақ, қан мөлшерінің кетуін азайып, оңалту кезеңі тезірек өтеді. Роботтың көмегімен жасалған операциядан шыққан науқастар өз әсерімен бөлісті. Индира СЕРІКБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 12 жыл стройкада моляр болып істедім. Содан ауыра бастады осы аяғым. Соңғы 2 жарым жыл қатты ауырды. Ауырған кезде барғой былай жүремін ғой, жүріп жүріп жылап жүретінмін. Қорқтым енді робот дегеннен кейін, қорқыныш болды. Жақсы өте удачный шықты деді. Негізі жақсы екен роботпен жасаған. Екі күн жаттым ғой, үшінші күні, түстерде алды, сразу жүрдім. Роботтың қатысумен 9 науқасқа тізе мен жамбас буындарын эндопротездеу, сондай-ақ тізе буынындағы бір айдаршықты протездеуге бағытталған операциялар жасалды. Бұл технологиның басты артықшылығы-әр адамға ауруына байланысты айрықша дәлдікпен жасанды буынның 3D бейнесін жасап шығарады. Робот АҚШ-та жасалған, елімізге шеберлік сағаттарын өткізу үшін алынған. Мирамбек ЖҰМАҒҰЛОВ, №4 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОРТО-ХИРУРГИЯ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Хирургқа қандай көмегі тиеді роботтың? Ол біріншіден, біз қалай жоспарладық операцияны дәл сол бағытта, операцияны жасап шығамыз. Одан 1 мм дәлдікпен жасалынады. Науқастар осының әсерінен тезірек сауығады. Енді біз бұрын тізесі ауыратын науқастардың толық буынын ауыстаратын болсақ қазір роботтың көмегімен тек зақымданған жерін ғана алмастыру мүмкіншілігі бар. Роботпен жұмыс жасау үшін жергілікті дәрігерлер бірнеше рет шетелге барып, дәріс алып, курстардан өтті. ББолашақта робот-асисстенттерді тұрақты түрде операцияларға қатыстырмақ.