Алматыда өртеніп жатқан үйден 17 адам құтқарылды

Алматыда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 17 адамды құтқарды.Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 ақпан түнгі сағат 01.53-те Бостандық ауданы, Өтепов көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Баспалдақтарда қатты түтін пайда болып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп туындады. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғын үй кешенінің тұрғындарын эвакуациялау және құтқару бойынша жұмыстар жүргізді. «Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Сағат 02:39-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды», - деп хабарлады ведомстводан. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 11 техника және қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Тұңғыш инженердің үйі
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді