Алматыда Пәкістан азаматтары кәмелет жасына толмаған қыздарға күш көрсеткен

Алматы тұрғындары пәкістандық нәпсіқұмарлардың бірін тауып алып, бейнетаспаға түсірген. Сөздерінше, зардап шеккендер полицияға арызданғанымен, тәртіп сақшылары өзге ел азаматтарын бірнеше сағаттан соң босатып жіберген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.Құзырлы органдардың жұмысына көңілі толмаған тұрғындар арнайы бейнеүндеу жолдаған екен. Видеода 45 жастағы ер азаматтың қыздарға күш көрсеткендігі айтылған. Шетелден келген азаматтар 14-15 жастағы қыздарды жұмысқа алып, оларға қол жүгірткен. Қыздарды түнде үйлеріне шақырған. Біз бұл азаматты бейнетаспаға түсіріп, құзырлы органдарға табыстайын деп тұрмыз. Біз бұл жерде оған қол көтеріп, артық әрекет жасағымыз келмейді. Бірақ жасөспірімдерге күш көрсеткендер заң бойынша жазалануы қажет, – дейді видеодағы азамат. Аталған жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласының Полиция департаментіне сұрау жолдадық. Департаменттің баспасөз қызметі мәселенің назарда екенін атап өтті. Алматы қалалық полиция департаменті, 1979 жылы туған Н.есімді Пәкістан азаматына қатысты арыз, Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне 25 шілде түскенін айтты. Қазіргі уақытта, арызданушының шетелдік азаматтың кәмелетке толмаған қызына тиіскені туралы арызы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады, - дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі. Белгілі болғандай, ер азамат Алматы қаласындағы сауда орындарының бірінде дәмханаға иелік етеді. Бейнетаспадағы азаматтардың сөзіне сенсек, олар өз қарамағына жас қыздарды арнайы талап бойынша қабылдап отырған. Фастфуд орталығында жекеменшік тағам дайындайтын орны бар екен бұл кісінің. Қыздарды жұмысқа алар кезде ағаң жоқ па деп сұрап алады екен,- дейді видео авторы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты