Алматыда полицейге қол көтерген ер адам қамауға алынды

Алматыда полицейге шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды.Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 19 желтоқсанда түнгі сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы күдік тудырған «Тойота» көлігін тоқтатты. «Көліктің ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған, олар бірден дөрекілік танытып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Сонымен бірге, төрт адам Toyota Camry жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік жасады. Ол да мас күйінде рульге отырған – бұл өзгелерге қауіп төндірді деген сөз. Жүргізушінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізілуде», - деп атап өтті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ тәртіп бұзушылардың бірі полиция қызметкерін ұрды. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы «Билік өкіліне күш қолдану» бойынша квалификацияланды. «Оқиғаға қатысушылардың барлығына қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы «Билік өкіліне бағынбау» және ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар жиналды. Ал, тәртіп сақшысына қол көтерген ер адам қамауға алынды», - деп қосты департаменттегілер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Мәселеден көз ашпайтын Асыл арман: облыс әкімі не деп ақталды?
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді