Ішкі істер министрі Ержан Саденов алматылық полицейлердің 14 жастағы қызды зорлау фактісін растады. Бұл туралы ведомство басшысы Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZМинистрдің айтуынша, екі күдікті де қамауға алынды. Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Бұрынғы қызметкерлер осындай қылмысты жасады. Дерек тәртіптік комиссия құрылып, екі қызметкер де теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды, - деп айтты Ержан Саденов. ІІМ басшысының айтуынша, олар қылмыстық іс аясында қамауға алынды. Бұған дейін «НЕМолчи.кз» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі екі полиция қызметкерінің 14 жастағы қызды зорлағанын хабарлаған болатын.