Алматыда жер сілкінісі болды. Бұл сейсмикалық жаттығулар кезінде байқалған. Сағат 10:00-де дабыл беріліп, теле-радиоарналарда автоматты түрде хабарландыру жүйесі іске қосылған. Көп ұзамай қалада 2 балдық жер сілкінісі болғаны анықталды. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Бұл соның афтершогі болып табылады. Қазір жағдай тұрақты. Мамандар «алаңдауға негіз жоқ» дейді. Елизавета ЕСЕНЖІГІТОВА, ҰЛТТЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті ауданда орналасқандықтан айына бірнеше жер сілкіністері тіркеледі. Ол жүздеген болуы мүмкін. Бірақ 2-4 балл көлеміндегі жер сілкінісі адам баласына сезілген болса, бұл қорқыныш тудырмайды. Себебі бұл осы өңірге тән фондық режим.