Алматыда сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі, - деп хабарлайды 24KZ.Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында осылай деді. Әкімдік бұл бағытқа 3 жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі.Сондай-ақ Тараздағы гидромелиоративтік құрылыс институты қайта қалпына келтіріліп, материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықталады. Мемлекет басшысы Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес екенін айтты. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды. "Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс", - деді Президент.