Алматыда төбелес кезінде спорт академиясының студенті қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Ақпаратқа қатысты Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев түсінік берді. "Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ол. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.Бұған дейін жатақхана маңында жастар арасында төбелес шыққаны туралы ақпарат тараған. Жас жігіт пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмғаны айтылады. Бұған дейін Талдықорғанда 16 жастағы студент қыз жатақханада белгісіз жағдайда көз жұмғаны хабарланған.