Алматыда стоматологиялық көмекке 3,9 млрд теңге бөлінді

2023 жылы Алматы қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы көрсетілетін стоматологиялық қызметтерге 3,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы мәлім етті.Қор 2023 жылдан бастап стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарт бекіте бастады. «Бұрын стомқызмет көрсету туралы келісімшарт емханалар арқылы жасалатын. Яғни, стоматологиялық клиникалар емханалармен субмердігерлік келісімшарт арқылы жұмыс істейтін және халыққа көрсетілген стомқызмет санын емханалар қадағалайтын. Емхана жұмысының көптігінен бұл процесті бақылау қиындық тудырып келді. Салдарынан стоматологиялық клиникалар тарапынан көрсетілмеген қызметтерді «көрсетті» деп жазу фактілері де кездесті. Сондықтан Қор осындай олқылықтардың алдын алып, қызмет көлемі мен сапасын бақылау мақсатында келісімшартты тікелей жасау туралы шешім қабылдады», - деді Тілеухан Әбілдаев. Айтуынша, стоматологиялық клиника көмегіне жүгіну үшін емханадан жолдама алудың қажеті жоқ. Алдымен Қормен жұмыс істейтін тіс клиникаларын нақтылап алу қажет. Олардың тізімімен МСҚ fms.kz ресми сайты арқылы танысуға болады. 2023 жылы Алматыда 70 медицина ұйымы стоматологиялық қызмет көрсетеді, олардың арасында емханалар мен жеке меншік клиникалар да бар. Естеріңізге сала кетсек, шұғыл стоматологиялық көмек балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлер, мүгедектер, балалық шақтан мүгедек және 1-топ мүгедегін күтушілер, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жоспарлы стомкөмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Премьер-министр президентке жағдайды баяндады
Алматыда қаңтар оқиғасы туралы кітап жарық көрді
Қазақстанда жыланның 18 түрі мекендейді
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды