Алматыда студенттерге арналған 300 орындық жатақхана ашылды

Алматыда студенттерге арналған 300 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Бұл- реконструкция жолымен ашылған мегаполистегі алғашқы жатақхана. Оның ашылу салтанатына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Министрдің айтуынша, жер тапшылығын ескере отырып және уақытты үнемдеу мақсатында бүгінде қажетсіз ғимараттарды реконструкциялап, жатақханаға айналдыру – ең тиімді тәсіл болып отыр.Алматы қаласында жатақхана мәселесі қашан да өзекті. Мегаполисте 13 мыңға жуық орын тапшылығы бар. Бұған дейін Қайнар университетінің оқу-әдістемелік корпусы болған ғимарат -қазір комфорт санатындағы заманауи жатақхана. Әр бөлме студенттерге қажетті құралдармен жабдықталған. «Қауіпсіздікке де ерекше мән беріледі» дейді жауаптылар. Мұндағы ай сайынғы төлемақы құны – 60 мың теңге. Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: Осы жылдан бастап реконструкция нормативтері екі есе көбейтіледі. Яғни, кез-келген бизнестің иегерлері, қонақ үй болсын, бизнес орталығы болсын, академиялық ғимарат болсын, оны тез арада нысаналы мақсаты, міндеттемесін ауыстырып, біздің қаржы орталығымыздың көмегімен бір жылда, жарты жылда осындай керемет жатақханаларға айналдыруға мүмкіндік береміз. Сонымен қатар министр Алматыға жасаған іс-сапары барысында қала тұрғындары, оның ішінде студенттер мен университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Министрдің жеке қабылдауында Шымкенттен келген студент Аяжан Әбдібай да болды. Биыл ол Алматы технологиялық университетіне грантқа түскен. Алайда, құжаттарында қателік кетіп, грантынан айырылып қала жаздаған екен. Осылайша, министрден көмек сұраған студенттің мәселесі оң шешімін тапты. Аяжан ӘБДІБАЙ, СТУДЕНТ: Көпбалалы деген қате категориямен грантқа түстіңіз деп айтқан болатын. Себебі, отбасымда 18-ге толған адамдар саналмайды екен. Мен оны білген жоқпын. Егер білгенде, басқа квотамен де тапсырып көретін едім. Саясат мырзаға үлкен алғысымды білдіремін. Барлығын шешіп бергеніне қуанып тұрмын. Қайтадан осы грантта АТУ-да қалатын болдым. Кездесу барысында ғылым саласын қаржыландыру, ғалымдардың мәртебесін көтеру сынды бірқатар мәселелер көтерілді. Мәселен, биылдан бастап оқытушылардың әр ғылыми дәрежесі мен лауазымы үшін қосымша ақы қарастырылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай атындағы кітапхана сирек кітаптар қорын толықтыруда
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Мас жүргізушіні жасанды интеллект камералары анықтайды