Алматыда тағы да ауа райы күрт бұзылуы мүмкін

Шаңды дауыл Алматының астаң-кестеңін шығарды. Нөсер жауын мен қатты желдің екпінінен қалада 26 ағаш құлап, кейбір ғимараттардың шатыры ұшқан. Коммуналдық қызмет түнімен күшейтілген режимде жұмыс істеп, залал келген учаскелерді тазалады. Қазір жағдай қалыпты. Бірақ, мамандар, тұрғындарға әлі де сақ болуды ескертеді. Ауа райы тағы да күрт бұзылуы мүмкін. Элеонора ЫБЫРАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Кеше кеште болған дауылды боран мына элиталы үйдің сыртқы корпусын ұшырып әкеткен. Адамдарға қауіп төндіріп, машиналарды да зақымдапты. Енді тұрғындар осы қолайсыз ауа райының салдарынан болған шығынды кім өтеп береді дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Дәл сол бес минутта қатты дауыл болды. Мен қайта ол кезде көлікте отырдым. Мұндай ауа райын күтпеген адамдар далада жұқа киіммен жүрді. Бұлай боларын ешкім болжаған жоқ. - Кешегі ауа-райы шок жасады десе де болады. Әлі де аспан түнеріп тұр, кешегідей жағдай орын алатын сияқты сезімде тұрмын әлі. - Шынымды айтсам кеше ауа райы таңғалдырды. Алматыда болған үш жылымда мұндай жағдайды бірінші рет көрдім. Ол кезде мен үйде болдым. Ағаштар қатты теңселді. Жұртты дүрліктірген шаңды дауылда үйіне келе жатқан Ақерке де өзінің бір қатерден аман қалғанын айтады. Ақерке ТЕМІРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы жерде өтіп бара жатып, мына скамейка жаққа келгенде мына жақта бір машина тұрған. Машинаның үстіне бір плита құлай бастады. Ары қарай білмеймін желдің күшімен бе мына плиталардың барлығы түсе бастады. Негізі біз осы бес қадам жасағаннан кейін біз үлгердік. Болмаса біздің үстімізге түсетін еді. Төтенше жағдай кезінде су басу қаупі бар аумақтарға 344 арнайы техника мен 163 адам жұмылдырылған. 953 қап инертті материал пайдаланылып, барлық арық өткелдер тазартылды дейді мамандар. Нұрлан АТЫҒАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:  Жеке үйлердің аула аймақтарын 38 су басу туралы хабарламаларға департамент күштері мен құралдары бірге барлық қоңырауларға уақытылы ден қойып, жұмыс істеді. Қазіргі уақытта барлық оқиғалар жойылды. Қаладағы жағдай тұрақты. Абырой болғанда зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына ескерту жасады.Таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 22-28 метрге дейін жетеді деген болжам бар. Алуа САХАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ:  30-31 наурызда Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын күтілуде. Циклонның шығыс бағытта жылжуымен байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-температурасының төмендеуі күтілуде. Яғни уақыттарда 3-10 градусқа дейін төмендесе, күндіз 30 наурызда қысқа уақытта 2 градус аяз, 3 градус жылыға дейін төмендейді. Мамандар автокөліктерді ағаштардың астына қоймауға, тауға барудан бас тартуға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде мектеп оқушысы пышақталып қалды
Елордада автобустар кейбір аялдамаларға уақытша тоқтамайды
MNU білім алушылары студенттер қатырына қабылдау рәсімінде ұлттық бағдарларды таныстырды
Apple 2025 жылы жаңа iPhone смартфондарынан физикалық SIM картаны алып тастайды
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
2028-2029 оқу жылына дейін докторантура шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі
Алматыда есірткіге тәуелділікке қарсы күрес туралы зерттеу нәтижелері ұсынылды
«Казахтелеком» әлі күнге дейін Tele2 мен Altel-ді катарлық холдингке сата алмай отыр
Жетісу облысы әкімдігі өңірде қант қызылшасының шіріп жатқанын жоққа шығарады
Алматыда «Экологиядағы инклюзия-жаңа жылдық ғажайып» жобасы басталады
Ресей Қазақстанның банан өсіру тәжірибесіне қызығушылық танытуда
Димаш Дубайда мәртебелі сыйлыққа ие болды
Хостелдегі өрттен 13 адамның қазасына қатысты іс: Алматыда кезекті сот отырысы өтіп жатыр
Ресей Мәсімовтің тағы бір туысына іздеу салды
Доллар 520 теңгеге жетті
Economist Украинаның шығынын 60-100 мың адам өлтірді деп бағалады
Тоқаев ҰҚШҰ саммитінде қандай мәселелер талқыланғанын айтты
Алматыда ірі көлемді қоқысты дұрыс сақтамаған 33 адамға айыппұл салынды
Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылады
Петропавлда әйелін ұрған тұрғын 25 тәулікке қамалды
Қазақстан мен Ресей +7 кодын бірге қолданатын болды
“Туыс болғаны үшін емес“. Дархан Сатыбалдыға Түркістан әкімі туралы сұрақ қойылды: 28 қараша 2024, 15:49 - жаңалықтар Tengrinews.kz
ҰҚШҰ-ның төрағалығы Қырғызстанға өтті - Тоқаев сессияны қорытындылады