Алматыда жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Алматыда 2 балл жер сілкінісі сезілген. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабырлы болуға және дүрбелеңге түспеуге кеңес береді.