25 ақпан сағат 10:14 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 3 балл көлемінде сезілген. Айта кетейік, соңғы төрт күнде алматылықтар 2-3 балл деңгейінде бес жер дүмпуін сезді.