Бүгін, 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі мәрте жер қозғалды. Бұл туралы KAZINFORM хабарлайды.Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Бірінші дүмпу сағат 03:03 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок. Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда сезілген жоқ. Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді. Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8. Тереңдігі — 10 шақырым. Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.