20 сәуірде Алматыда террорлық іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған жоспарлы оқу-жиыны өткізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, 20 сәуірде Республика сарайында, Достық 56 мекенжайы бойынша, сағат 05:00 ден 10:00 арасында террорлық іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған жоспарлы оқу-жиыны өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты – халық көп шоғырланатын орындарда террорлық іс-әрекеттерге қарсы өзара іс-қимыл әрекеттерін нақтылау. "Аталған іс-шараны өткізу барысында шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз. Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздікті сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің талаптарын орындауларын сұраймыз. Сондай-ақ ӘҚбК-нің 443-бабына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамның талаптарына бағынбаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - делінген хабарда. Т